USD
USD
USD

Әлемнің 4 жетекші өнер колледжінен шақырту алған түлек

 Алматы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші Далес Мыңжасарды әлемнің төрт жетекші өнер колледжі оқуға шақырды.

Әлемнің 4 жетекші өнер колледжінен шақырту алған түлек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектеп түлегі Массачусетс өнер және дизайн колледжіне, Чикаго өнер институтына (SAIC), Ringling өнер және дизайн колледжіне, Сент-Луис Мадрид университетіне (SLU) оқуға түсті. Оған қоса Далес Лесханқызы тағы екі жоғары оқу орнынан шақыру күтіп отыр.

«Оқуға дайындықтың басты кезеңі шығармашылық портфолио жасау болды. Шығармашылық мамандыққа түсу туралы шешімді салыстырмалы түрде кеш қабылданғандықтан, 25 толыққанды жұмысты салу үшін үш ай ғана уақытым болды. Олардың қатарына дәстүрлі түрде қолмен салынған картиналар да (маймен, акрилмен, акварельмен және т.б.), диджитал картиналар мен аралас техникадағы жұмыстар да кіреді», – дейді Далес.

  Ол шығармашылық еңбектерінде экология мәселелерін қозғаған. Жас суретшінің басқа картиналары терең философиялық мағынаға ие.

Жас суретшінің айтуынша, оған құжаттар жинауға, эссе жазуға және ұсыныс жұмыстарына мұғалімдері үлкен көмек көрсеткен. Айта кетейік, аталған университеттер түлекке merit-based scholarship ұсынып отыр. Яғни, бұл студенттің жетістіктеріне негізделген стипендия.

Далес Мыңжасар «бейнелеу өнері бакалавры: компьютерлік анимация» мамандығын меңгергісі келеді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға