USD
USD
USD

Әлемге әйгілі боксшы Рой Джонс Қазақстан чемпионатының ашылуында ән шырқады (видео)

Желтоқсанның 18-і күні Қарағандыда басталған бокстан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатына жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Рой Джонс келді.

Рой Джонс
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Чемпионаттың ашылу салтанатына танымал боксшылар Рой Джонс, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов және Серік Қонақбаев қатысты. Америкалық бокс жұлдызы Рой Джонс спортшыларға қолдау білдіріп, көрермендерге арнап ән шырқады.

Айта кетейік, чемпионат ерекше маңызға ие, өйткені осы турнирдің жеңімпаздары ұлттық құрама сапына еніп, Олимпиада ойындарына дайындықты бастайды.

Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Спортшылар ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Қатысушылар арасында Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ