USD
USD
USD

Әлемге әйгілі балуандар Астанада бас қосады

29 қарашада Астанада еркін және грек-рим күресі бойынша Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күрес
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Сайыстың басты жұлдызы еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Франк Чамисо (Италия) болмақ.

Елордалық бозкілемге еркін күрестен Азия чемпиондары Данияр Қайсанов пен Санжар Досжанов шығады.

Сонымен қатар турнирге үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков (еркін күрес), еркін күрестен Ресей чемпионы Алан Багаев, жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Исхар Кұрбаев (грек-рим күресі), грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша, сондай-ақ U23 әлем чемпионатының алтын жүлдегерлері – еркін күрестен Начын Куулар мен Ұлықбек Жолдошбеков (Қырғызстан) қатысады.

Айта кетейік, турнир Астанадағы Beeline Arena кешенінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама