USD
USD
USD

Әлемдік трансформацияға 30 жыл

Германия Елшілігі мен «Медиа Дамыту Қоры» корпоративтік қоры Германияға бір апталық кәсіби іссапар ұйымдастыруда.

Әлемдік трансформацияға 30 жыл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен серіктестікте журналистер мен блогерлерді «Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияға 30 жыл» атты Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған конкурсқа қатысуға шақырады.

Конкурстың нәтижесі бойынша Германиядағы БАҚ жұмысымен танысу мақсатында бір апталық кәсіби іссапарға қатысу үшін 6 жеңімпаз іріктелініп алынады.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- жасы 20-дан 45 жасқа дейін;
- ағылшын тілін білу деңгейі кем дегенде B1 – Intermediate (растайтын құжатты ұсыну), неміс тілін білуі құпталады;
- БАҚ-та 2 жылдан кем емес немесе әлеуметтік желілердегі жеке тәжірибесі (блогер); 
- конкурсқа 3 тілдің кез келгеніндегі жұмыс қабылданады: қазақ, орыс немесе ағылшын;
- жарияланған конкурстық жұмыс – Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияның 30 жылдығына арналған тақырыптағы сараптамалық материал. 

2020 жылдың 3 қазанында Германия өзінің бірлігінің (қайта қосылу) 30 жылдығын тойлайды. Бұл оқиға тек Германия үшін маңызды болмады, сонымен қатар әлемдік масштабтағы үлкен өзгерістерге алып келді. Қазақстан мен оны қоршаған өңірлер бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан мәдени, қоғамдық және геосаяси трансформацияны бастан кешірді. 

Бұл конкурс Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медиа саласындағы қарым-қатынасты кеңейту мен нығайтуға, ашық диалогтың құрылуы мен екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ақпараттан хабардар болуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.