Әлемдік рейтинг: Қазақстандық теннисшілер қай орында?
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Көш басында польшалық Ига Швентек тұр, екінші және үшінші орындарға белорус Арина Соболенко мен америкалық Кори Гауфф жайғасқан.
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші сатыда қалды. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, 66-орынға көтерілді.
Жұптық сында австралиялық Сторм Хантер мен бельгиялық Элизе Мертенс және америкалық Джессика Пегула топ бастап тұр. Жұптық сындағы үздік теннисшіміз Анна Данилина 56-сатыда қалды, Рыбакина — 123-ші, Жібек Құламбаева 146-оырнда.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды