USD
USD
USD

Әлемді азық-түлік тапшылығы жайлауы мүмкін 

  Әлемде азық-түлік тапшылығы белең алуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш хабарлайды.

Әлемді азық-түлік тапшылығы жайлауы мүмкін 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, бүгінде 820 млн адам аш құрсақ жүр. Енді коронавирус пандемиясы кесірінен бұл көрсеткіш еселене түсуі ықтимал. Осыған байланысты Гутерриш әлем елдеріне ауыл-шаруашылық саласына ерекше мән беріп, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін қолға алуға шақырады. Сонымен қатар бұл салада жұмыс орындарын арттырып, астық саудасы тұралап қалмауы үшін жергілікті сауда орындарының жұмысын бір ізге келтіруге кеңес береді. БҰҰ  Бас хатшысы Антониу Гутерриш: "Біз болашақты инвестициялауымыз керек. Халықты пайдалы әрі қолжетімді азықпен қамтамасыз ету үшін азық-түлік жүйесін құрайық. Ауылшаруашылық саласына және өзге де өндіріс орындарына көңіл бөліп, аштықтың алдын алуымыз керек" деді.

Қазір оқып жатыр

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов