Әлемдегі ең кішкентай монета жарыққа шықты
Швейцария ақша сарайы әлемдегі ең кішкентай алтын монетаны шығарды. Онда әйгілі Альберт Эйнштейннің тілін шығарып тұрған бейнесі бедерленген. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Монетаның салмағы бар болғаны – 0,063 грамм, ал диаметрі – 2,96 мм. Ондағы ғалым бейнесін жай көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан монетаны көруге арналған құрылғы қоса шығарылды. Оның ішінде үлкейткіш әйнек пен жарықтүсіргіш бар.
«Өмірінің үштен бір бөлігін Швейцарияда өткізген Эйнштейн шыдамдылығы пен тапқырлығының арқасында энергияны үнемдеудің формуласын жасап шықты. Сол арқылы ғылыми жетістіктерге жетті. Монетаны жасау кезінде мамандар ғалымның осы қасиеттерін басшылыққа алды» делінген Швейцария ақша сарайы таратқан хабарламада.
Әзірге монетаның 999 данасы ғана шығарылған. Құны - Швейцария франкінің төрттен бір бөлігіне тең. Бұл шамамен 100 теңге.