USD
USD
USD

Әлемдегі ең кішкентай адам кім

Колумбиялық бойы 72 сантиметр болатын Эдвард Ниньо Эрнандес әлемдегі ең қысқа адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына сертификат алды.

Әлемдегі ең кішкентай адам кім
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлемдегі бойы ең қысқа адам Гиннестің рекордтар кітабының титулына ие болды. Ол бұған ең қысқа адам атағын алғаш алғанына 10 жыл өткенде ие болып отыр. 34 жастағы колумбиялық Эдвард Ниньо Эрнандестің бойы небәрі 72,1 сантиметрді құрайды», - делінген хабарламада.

Оған алғаш рет 2010 жылы планетадағы ең кішкентай адам атағы берілді. Алайда көп ұзамай бұл атақты Непал тұрғыны Хагендра Тапа Магар алып қойды, оның бойы – 66 сантиметр. Содан кейін бұл рекордқа бойы 54 см болатын непалдық Чандра Баадур Данг ие болды. Ол 2015 жылы ол қайтыс болған соң титул Хагендраға ауысты. Ал ол 2020 жылдың қаңтарында қайтыс болып, осылайша, рекорд тағы Эрнандеске тиесілі болып отыр. «Мен қалағанымның бәріне қол жеткізе аламын. Ол үшін бой маңызды емес!» - дейді рекордшы.

Қазір оқып жатыр

Жауыннан соң көлігі бүлінген астаналық өтемақы талап етті - Әкімдік не дейді

нөсер

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау