19 Желтоқсан 16:29

Әлемдегі ең қымбат бренд – 2019 (видео)

Фото:

Доңыз жылы да дорбасын сүйретіп межелі жерге жетіп қалды. Енді айналып 12 жылдан кейін соғар. Доңыз жылы басқа-басқа Apple үшін сәтті болды. Қоржынында – 206 млрд АҚШ доллары. Осы жылда табысы жоғарылап, танымалдығы артқан әлемдік брендтердің үздік ондығын назарларыңызға ұсындық.

Алматы, NEGE. Әлемдік БАҚ пен оқырман қауым түрлі саладағы жыл қорытындысын асыға күтеді. Мамандар 2019 жылы табысты болған үздік брендтердің топтамасын жария етті. Жоғарыда айтып өткеніміздей Apple ешкімге дес бермеді. 132 мың адамды жұмыспен қамтып отырған алып компанияның жеке капиталы 206 миллиард АҚШ долларына жетті. 

Coogle ұжымы да Apple компаниясын өкшелеп келеді. Бәрімізге белгілі бұл компанияның қаржылық қоры – 168 млрд доллар.

Microsoft  үздік үштікке 125 млрд АҚШ долларымен кірді.

Әлемдегі ең бай атанған Джефф Безостың Amazon бренді 97 млрд доллармен төртінші орында.

Әлеуметтік желінің алғашқыларының бірі Facebook ұжымы да табысты. 89 млрд АҚШ доллары Цукерберг ұжымына тиесілі.

Ғасырдан астам тарихы бар Coca Cola сусынына сұраныс жоғары. Сәйкесінше компания еншісінде осы жылғы есеп бойынша 59 млрд доллар бар. 

Кіл АҚШ брендтерімен тайталасып келе жатқан Оңтүстік Жапонияның Samsung маркасымен танымал өнімі. Samsung қаржысы 2019 жылғы есеппен 53 млрд доллар.

Уолт Дисней іргетасын қалаған Disney нарықта 52 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Медиасаланың көшін бастап тұрған ұжымда 201 мыңнан аса адам еңбек ететін көрінеді. 

Үздіктер қатарында еңбекқорлығымен мойындалатын жапондықтардың өнімі де бар. Жайлылықтың үлгісіне айналған Toyota маркалы автокөлігі жаңа заманның танымал брендіне айналды. Компания 45 млрд АҚШ долларына бағаланады. 

Рэй Крок атты американдық ресторатор тамақ бизнесіне жан бітіріп, сол арқылы ауқатты өмір сүруге болатынын дәлелдеп кетті. McDonald's брендімен танымал жылдам тамақтану кешенінің бүгінгі нарықтағы құны – 44 млрд доллар. 

 

Тегтер: