USD
USD
USD

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт әйел, 119 жастағы жапониялық Танака Канэ өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ТАСС мәліметінше, биыл 2 сәуірде Танака туған күнін атап өткен. Жапониялық әйел 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Оның күйеуі мен үлкен ұлы Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болды.

Ол өмір бойы соғысқа дейін ашылған күріш шелпегін сататын дүкенде жұмыс істеген. 1970 жылдары зейнетке шыққан соң бірнеше рет АҚШ-қа барған. Танака шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көрді, әрі ол 120 жасқа дейін өмір сүруді армандаған.

2005 жылдан бастап жапониялық әйел Фукуокадағы қарттар үйінде тұрды. Ол 103 жаста болғанда дәрігерлер оны қатерлікті ісіктен емдеп, ота жасаған. Содан бері әйелді басқа ауыр аурулар мазаламаған.

Фукуока префектурасының мәліметінше, әлемдегі ең қарт әйел ауруханада қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян