USD
USD
USD

Әлемдегі ең қарт адам 119 жасын атап өтті

Орыс-жапон соғысы басталғанға дейін бір жыл бұрын дүниеге келген әлемдегі ең қарт адам Кане Танака жексенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысында 119 жасын атап өтті, деп хабарлайды Жапонияның Kyodo агенттігі.

Әлемдегі ең қарт адам 119 жасын атап өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1903 жылы 2 қаңтарда Фукуока префектурасында дүниеге келген Танака Жапонияда Мэйдзи, Тайсё, Сёва, Хэйсэй және қазіргі Рейва дәуірлерін бастан өткерді және отбасы мүшелерінің айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруден үміттенеді.

1903 жылы дүниеге келген көрнекті адамдар арасында британдық жазушы Джордж Оруэлл, кинорежиссер Ясудзиро Одзу және жапон ақыны Мизузу Канеко бар. Танака 2019 жылдың наурыз айында 116 жастағы ең кәрі адам ретінде танылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Сонымен қатар ол туғанына 117 жыл 261 күн толғанда Жапонияда рекордтық жасқа жетті. Фукуокадағы қарттар үйінде тұратын Танака ондағы қызметкерлермен ым-ишара арқылы араласады және сандық жұмбақтарды шешу арқылы өзін жиі сынайды.

Ол шоколад пен газдалған сусындарды жақсы көреді. Тоғыз ағайындының ішіндегі жетіншісі Танака 19 жасында тұрмысқа шықты. Күйеуі мен үлкен ұлы 1937 жылы басталған Екінші Қытай-Жапон соғысы кезінде шайқасқа кеткенде, ол кеспе жасап сатып отбасын асыраған.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі