Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 15 мемлекет әлемде ең ірі еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды.

Әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатты Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері қауымдастығына кіретін 10 мемлекет пен Қытай, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия бекітті. Салтанатты шара Вьетнамда осы қауымдастықтың онлайн өткен саммитінде жүзеге асты. Болжамға қарағанда аймақтық экономикалық серіктестік әлем экономикасы мен халқының 30 процентін қамтиды. Ұйымға мүше елдер арасында кедендік рәсімдеу оңтайландырылып, тауарлардың 92 процентіне тарифтерді төмендету көзделген. Құжаттың тағы бір ерекшелігі: Қытай мен Жапония осы тарифтерді төмендету бойынша алғаш рет келісімге келіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс