USD
USD
USD

Әлемдегі ең бай отбасы анықталды

Әбу-Дабидің билеуші Әл Нахайян әулеті 2023 жылғы әлемдегі ең бай отбасылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Kazinform Bloomberg-ке сілтеме жасап. 

Әлемдегі ең бай отбасы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әулет өкілдерінің бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян. Бұл әулеттің байлығы 305 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Екінші орынды Walmart дүкендер желісінің иесі Уолтон отбасы иеленді. «Bloomberg» отбасының байлығы 259,7 миллиард долларға жететінін атап өтті. Hermes сән үйінің негізін қалаған Гермес отбасы 150,9 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты. Одан кейінгі орындарды 141,9 миллиард доллар байлығымен Mars брендіне иелік ететін Марс отбасы, сондай-ақ Катар шейхтері мен әмірлерінің билеуші әулеті Ас-Санидың отбасы (133 миллиард) иеленді. 

Жыл басынан бері ресейлік миллиардерлердің жалпы байлығы 38,5 миллиард долларға артқан. Атап айтқанда, «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперов ең бай адам атанды. Оның байлығы қаңтардан желтоқсанға дейін 9,14 миллиард долларға өсіп, 24,5 миллиард долларға жетті. 

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев