USD
USD
USD

Әлемдегі 2020 жылдың үздік 10 автокөлігі қандай?

«Әлемдік жыл автокөлігі» (World Car of the Year 2020, WCOTY) сыйлығының ұйымдастырушылары осы атаққа үміткерлердің ақырғы тізімін жария етті.

Әлемдегі 2020 жылдың үздік 10 автокөлігі қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мамандар биылғы жылдың жаңалығы деп таныған он көліктің бірі үздік атанбақ. Рейтингке (әліппе ретімен): Hyundai Sonata, Kia Soul EV, Kia Telluride, Mazda3, Mazda CX-30, Mercedes-Benz CLA, Mercedes-Benz GLB, Range Rover Evoque, Volkswagen Golf және Volkswagen T-Cross көліктері енген. Бұл модельдердің бәрі нарыққа жаңадан шыққан.

Kia, Mazda, Mercedes-Benz және Volkswagen компанияларының қос бірдей көлігі үздіктер санатынан табылған.

«Әлемдік жыл автокөлігін» әлемнің 25 еліндегі көлік туралы жазатын басылымдардың 86 журналистінен құралған әділқазылар алқасы анықтайды. 3 наурызда Женевадағы автосалонда үміткерлер қатары үшке дейін қысқарады, ал жеңімпаз 8 сәуірде Нью-Йоркте өтетін автошоуда белгілі болады.

Былтыр «Әлемдік жыл автокөлігі» атағын Jaguar I-Pace көлігі алған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.