USD
USD
USD

Әлемде жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан көз жұмды

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазан айындағы есебіне сәйкес, әлемде кем дегенде 115 мың медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған.

Әлемде жүз мыңнан астам дәрігер коронавирустан көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамырына дейінгі аралықта 80-нен 180 мыңға дейін дәрігер CОVID -19 инфекциясынан қайтыс болуы мүмкін. Демек, қазіргі уақытта орташа есеппен бұл көрсеткіш 115 500-нан асады», - делінген ұйым сайтында жарияланған мәліметте. Ресейде медицина қызметкерлерінің коронавирустан болған өлімі туралы ашық ресми статистика жоқ. Соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған 258 дәрігердің қайтыс болғанын хабарлаған еді. Осы ретте, халықтың қайтыс болған ақ халаттылар туралы деректерді дербес енгізуіне мүмкіндік беретін бірқатар тәуелсіз интернет-жобалар бар. Соның бірі – «Есте қалар тізімде» бүгінде 1459 адамның аты-жөні жазылған. Биылғы 17 қыркүйекте Мәскеудегі Сеченов университетінің аумағындағы Өмір аллеясында індетке қарсы күрескен медицина қызметкерлерінің ерлігіне арналған монументтің ашылуы көз жұмған қаһармандарды еске алуға арналған символдық шаралардың бірі болды.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицейдің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич