USD
USD
USD

Әлемде вирус жұқтырғандар қатары 20 пайызға өсті

Өткен аптада әлем бойынша 18 миллион адам коронавирус жұқтырды, бұл – пандемияның басынан бергі жаңа антирекорд.

Әлемде вирус жұқтырғандар қатары 20 пайызға өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вирус жұқтырғандар қатары өткен апта көрсеткіштерімен салыстырғанда 20%-ға өсті. Бұл туралы сейсенбі күні Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Өлім көрсеткіші 4%-ға өсіп, 45 мыңнан асты. ДДСҰ-ның апта сайынғы бюллетеніне сәйкес, 10-16 қаңтар аралығында вирус жұқтырғандар қатары өткен апта көрсеткіштерімен салыстырғанда 20%-ға көбейген – 18 739 636 жұқтыру жағдайы тіркелді.

Жеті күн ішінде 45 543 адам вирустан көз жұмды, бұл – өткен аптамен салыстырғанда 4%-ға көп. ДДСҰ-ның алты өңірінің бесеуі өткен аптамен (3-9 қаңтар) салыстырғанда жұқтыру жағдайларының көбейгені туралы хабарлаған. Африкада көрсеткіш 27%-ға төмендеген.

Жұқтыру жағдайлары Оңтүстік-шығыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізінде көп, мұнда өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 145% және 68%-ға артқан.

Сонымен қатар көрсеткіштер Еуропа (10%), Америка (17%) мен Батыс Тынық мұхиты аймағында (38%) көбейген. Өлім саны Оңтүстік-Шығыс Азия (12%), Америка (7%), Батыс Тынық мұхиты аймағы (5%), Еуропа (3%) мен Шығыс Жерорта теңізінде (1%) артқан, алайда Африкада өлім саны 4%-ға азайған.

АҚШ-та ең көп жұқтыру жағдайы (4 688 466) тіркелді. Одан кейін тізімде Франция (2 012 943), Үндістан (1 594 160), Италия (1 268 153) және Ұлыбритания (813 326) тұр. ДДСҰ-ның деректеріне сай, пандемияның басынан бері әлемде 328 532 929 адам вирус жұқтырып, 5 542 359 адам вирустан көз жұмған.

Соңғы тәулікте 1 586 889 жұқтыру жағдайы тіркеліп, вирустан 5 255 адам қайтыс болды. Ең көп жұқтыру жағдайы АҚШ-та тіркелді – онда 64 720 612 адам вирус жұқтырған. Одан кейін тізімде Үндістан (37 618 271), Бразилия (23 000 674) тұр. Өлім саны бойынша бірінші орында – АҚШ (843 7158), одан кейін Бразилия (621 045) мен Үндістан (486 761).

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай