USD
USD
USD

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

Брент маркалы қара алтынның бір баррелінің құны 53 доллардан асып кетті. Бұл былтырғы 4 наурыздан бері тіркеліп отырған ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дабл-Ю-Ти-Ай» маркалы мұнай да қымбаттап, бір баррелінің бағасы 49,5 долларға дейін жетті. Нарықтағы ахуал ОПЕК отырысы алдында жақсарып келеді. Басқосу алдағы сағаттарда өтуі тиіс. Қатысушылар ақпанда мұнай өндіру деңгейін арттыру мәселесін талқылайды. Алайда кейбір сарапшылардың пікірінше, ОПЕК өзгерістер енгізбей, келесі айда да қаңтардағы көрсеткіштерді сақтап қалуы мүмкін. Өйткені коронавирустың «британдық» штамының салдары әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып жіберді. Оның үстіне сарапшылар вакцина егу жұмыстарының да баяу жүріп жатқанын айтады. Мұның бәрі қара алтын нарығына әсер етпей қоймайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы