USD
USD
USD

Әлемде ковид жұқтырудан антирекорд тіркелді

Әлемде COVID-19 вирусына шалдығудан антирекорд орнатылды.

Әлемде ковид жұқтырудан антирекорд тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір тәулікте қауіпті вирусты 893 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл қаңтарда тіркелген бұған дейінгі антирекордтан көп. Әсіресе Үндістан елінде жағдай ауыр, онда COVID-19 вирусын жұқтырудың 330 мыңнан астам жаңа оқиғасы тіркелген.

Қазір Еуропаның кейбр елдері шектеуді біртіндеп азайтып жатыр. Франция карантиннен шығуға дайындалуда. Алайда дәрігерлердің ескертуінше, ауруханаларда коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан мыңдаған адамның жатыр. Карантиннің жеңілдетілуі вакциналаудың сәтті жүргізілуіне байланысты болып отыр. Мысалы, Венгрияда мейрамханалардың террасасы ашылды.

Олар қараша айынан бері тағамды тек алып кетушілерге ғана сатқан болатын. Бұл елдің әрбір үшінші тұрғынына екпе салынған соң локдаун жеңілдетілді.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси