USD
USD
USD

Әлемде коронавирустың таралуы төмендеді

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирусқа шалдығу деңгейі 15 пайызға төмендегенін мәлім етті.

Әлемде коронавирустың таралуы төмендеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйым сайтында жарияланатын бюллетеньге сәйкес, өткен аптада әлемде вирусқа шалдығудың 3 миллионнан астам дерегі (3 016 005) мен одан қайтыс болудың 73 мыңнан астам жағдайы тіркелген. ДДСҰ мәліметінше, ауыр вирустан өлім-жітім оқиғаларының саны да 8 пайызға азайған. Вирусқа шалдығу деңгейінің ең көп төмендеуі Оңтүстік-Шығыс Азия (31%) мен Еуропада (17%) тіркелген.

Онымен бір мезгілде Африкада керісінше, 25 пайызға артқан. Солтүстік және Оңтүстік Америка тіркелген оқиғалар саны жағынан көш бастап тұр – мұнда өткен аптада індетті жұқтыру көрсеткіші 1,1 миллионға жеткен. Екінші орында Оңтүстік Шығыс Азия орналасқан (бір миллионнан астам жаңа оқиға). Үшінші орында - Үндістан (914 мыңнан астам адам). ДДСҰ сондай-ақ 2021 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 2,09 миллион дозасы салынғанын қосып өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер