USD
USD
USD

Әлемде коронавирустың таралу қарқыны төмендеп жатыр

Коронавирустың әлемде таралу қарқыны төмендеп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкховен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды «РИА Новости».

Әлемде коронавирустың таралу қарқыны төмендеп жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Бұл бірқатар елде оқиғалардың (инфекция жағдайларының) азаюын бақылап отырғанымызды атап өту үшін жақсы сәт», – деді Керкховен.

Сарапшының айтуынша, бұған ең алдымен вирустың таралу тізбегін үзетін шаралар мен вакцинация көмектескен.

Керкховен COVID-19-дың жаңа жағдайлары азайып жатқан елдерді санитарлық шаралардың сақталуын бақылауды жалғастыруға шақырды.

«Бүкіл әлемде вакцинация саны инфекция туралы есептерден асып түсті. Бір жағынан бұл жақсы жаңалық және осындай қысқа уақыт ішінде қол жеткізген керемет жетістік. Бірақ бұл вакцинациялардың төрттен үш бөлігі 10 елге ғана тиесілі, жаһандық ЖІӨ-нің 60 пайызға жуығы солардікі», – деді ол брифингте.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті