USD
USD
USD

Әлемде коронавирустан қанша медицина қызметкері көз жұмды?

 Коронавирустан кемі 115 мың медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы хабарлады.

Әлемде коронавирустан қанша медицина қызметкері көз жұмды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірқатар елде қажетті медицина жабдығы жетіспейді. Ақ халаттылар қауіпті жұмыс жағдайында еңбектенуге мәжбүр. Ұйым басшысы құрбандар арасында медицина қызметкерлерінің көптігі осы жайтқа байланысты екенін айтады. Бұл ретте Тедрос Адханом Гебрейесус вакциналау қарқынын күшейтуге шақырды. Жыл соңына дейін әр елде халықтың 30 проценті екпемен қамтылуы тиіс дейді ол. Ұйым басшысы кедей мемлекеттердегі медицина қызметкерлері мен осал топ өкілдеріне жататын 250 миллион тұрғынды да вакциналау маңызды екенін айтты. 

  Тедрос Адханом Гебрейесус, ДСҰ басшысы:

- Соңғы 18 ай бойы медицина қызметкерлері өлім мен өмір арасында жүр. Олар өз басының емес, өзгелердің амандығы үшін күресіп келеді. Алайда вируспен күресте кемі 115 мың ақ халатты бақилық болды. Бұл үлкен шығын. Алайда алда көрсеткіштер одан да жоғары болмасына кім кепіл? 2021 жылы көз жұмғандар саны пандемияның бірінші жылымен, яғни былтырмен салыстырғанда көп болып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси