USD
USD
USD

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 66,5 миллионнан асты

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 66,5 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 66,5 миллионнан асты.Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 6 желтоқсан, сағат 11.26-дағы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус 66 млн 540 мың 34 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 1 млн 528 мың 868 науқас.

Коронавирус бойынша ахуал өршіп тұрған мемлекеттер:

АҚШ - 14 581 337

Үндістан – 9 644 222

Бразилия – 6 577 177

Ресей – 2 410 462

Франция – 2 334 626

Ұлыбритания –1 710 379

Италия – 1 709 991

Испания – 1 684 647

Аргентина – 1 459 832

Колумбия – 1 362 249

Германия - 1 183 640

Мексика – 1 168 395

Польша - 1 054 273

Иран – 1 028 986

Перу – 970 860

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 5 желтоқсан күні сағат 15.02-де жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 65 млн 257 мың 767 адамды құрайды. Қайтыс болды – 1 млн 513 мың 179 науқас.

Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет 136 мың 271 адамнан анықталды. Оның ішінде 120 мың 178-і жазылып шықса, 2034 науқас қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy