USD
USD
USD

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Университет мәліметінше, астана уақытымен 12:55-те дүние жүзінде COVID-19 анықталған адамдар саны 25 009 250-ге жеткен. Оның ішінде 842 702 науқас қайтыс болған. Ал 16 411 400 адам аурудан жазылған.

Еске салайық, Қазақстанда соңғы бір тәулікте 126 адамнан коронавирус табылған болатын. Елде COVID-19 жұқтырғандар саны 105 684-ке жеткен. Оның ішінде 96 135-і аурудан жазылса, 1581 науқас қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев