USD
USD
USD

Әлемде коронавирус жұқтырғандар миллионға таяды

Қытайда пайда болған COVID-19 вирусы төрт айдың ішінде төрткүл дүниеге тарап, әлемнің 205 елі індеттің ілмегіне ілінді. Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінге дейін жаһанда 900 мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар миллионға таяды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 47 мыңдай азамат қайтыс болды. Кеңінен етек жайған кесел кесірінен қазір жаһан жұртының мазасы қашқан. Індеттің ушығуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да қатты алаңдаулы. Дендеген дерттің алдын алу мақсатында әлем ғалымдары вирусқа дауа іздеп жатыр.

Қазір бұл жұмысқа 74 елдің мамандары мен 200-ден астам науқас қатысуда. ДДСҰ бас директорыТедрос Аданом Гебреисус: "Індеттің әлем бойынша жылдам таралып жатқанына қатты алаңдап отырмын. Соңғы 5 апта ішінде инфекция жұқтыру деректері еселеп өсті. Ал өткен жеті күнде вирус құрбандарының саны шамамен 2 есеге артты. Бұл қарқынмен алдағы бірнеше күнде 1 миллионнан астам науқас тіркелуі мүмкін. Ал өлім дерегі 50 мыңға жетеді деген болжам бар" деді. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға