USD
USD
USD

Әлемде босқындар саны 82 миллионнан асты

Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын. Олардың саны соңғы онжылдықта екі есеге өсті және бүгінде 82 миллионнан асып отыр, деп хабарлайды Euronews.

Әлемде босқындар саны 82 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ есебінде мигранттардың көп бөлігі «ішкі қоныс аударушылар», яғни өз елдерінде босқындарға айналғандар екені атап өтілген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, көші-қон мәселелеріне қарағанда, ішкі қоныс аударушылар түйткілдерін шешу қиын, өйткені олар қарулы қақтығыс жағдайында тіршілік кешіп жатыр.

«Йемен туралы, Тиграй туралы, Ауғанстан туралы ойлаңыз. Тренд, одан әрі өсу тенденциясы бар Бұл бізді қатты алаңдатады. Осы есепте ішкі қоныс аударушылар саны шамамен 50 миллионға жуықтады», -дейді ол.

Босқындардың көпшілігі - сириялықтар. Олардың саны 6,8 млн. Екінші орында - -палестиналықтар, үшінші орында - венесуэлалықтар.

Оңтүстік Суданмен және Мьянмамен бірге осы бес елдің азаматтары босқындардың үштен екісін құрайды.

Ал, әлемдегі мигранттардың 42% -ы кәмелетке толмаған балалар болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер