USD
USD
USD

Әлемде алғаш рет дене қызуын өлшеуге болатын смартфон шығарылды

Инфрақызыл қозғалтқышы бар құрал Угандада жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде алғаш рет дене қызуын өлшеуге болатын смартфон шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Инфрақызыл қозғалтқышы бар құрал Угандада жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Компанияның атқарушы директоры құрылғыны ойлап табуға 4 ай уақыты кеткен. Температураны анықтау қызметін COVID-19-бен күресте медицина мамандарына көмектесу үшін арнайы қосқан. Коронавирус жұқтырған адамның ең алдымен ыстығы көтеріліп, тынысы тарылады және құрғақ жөтел қысады. «Сондықтан дене қызуын жиі тексеру ауруды асқындырмай анықтауға мүмкіндік береді», - дейді сарапшылар. Телефонның бағасы 100 доллар, Угандада халықтың көпшілігінде мұндай қаражат жоқтың қасы. Ал электрондық термометрлердің құны одан да қымбат, эпидемия өршіп тұрғанда 400 доллардан сатылған.

Бичем Окваре, компанияның атқарушы директоры:

- Мұнда термометр телефонға орнатылған. Бұл жерде ең бастысы, кез келген адам өзінің дене қызуын қалаған уақытта өлшей алады. Егер интернет қосылған болса, теңшеу жасау қиын емес. Угандалықтардың көпшілігі 100 долларға телефон сатып ала аламайды, жағдайлары жоқ. Сондықтан біз Үкімет Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ақылдасып, телефон құнын төмендетуге биліктің көмегін сұрап көрмекпіз.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк