USD
USD
USD

Әлемде маймыл шешегі қаупі күшейіп келеді

 Еуропа бойынша маймыл шешегі ең көп тіркелген ел – Испания. 2022-жылдан бері мұнда 8 мыңнан аса оқиға расталған, деп хабарлады 24kz.

ауру
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Биылдың өзінде 264 адам медициналық көмекке жүгінген. Сосын Кәрі құрлықта ауру жұқтырғандар Франция мен Ұлыбританияда да көп. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады.

Індет Африкада тез тарап жатыр. Конго Демократиялық Республикасында жыл басынан бері 16 мыңдай дерек расталған. 550 науқас қайтыс болған.

Азия бойынша Пәкістанда алғашқы оқиға тіркелді. Сондықтан өзге мемлекеттер сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Мысалы, Қытай шекарашылары енді елге келгендер тексеруден өтетінін ескертті. Бұл талап жарты жылға енгізіледі. Бұдан бөлек, шығысымыздағы көршіміз індет таралып жатқан елдерден келген тауарларды да тексереді. Қажет болса, оларды санитарлық өңдеуден өткізеді


Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі