USD
USD
USD

Әлем коронавирус деп жындана бастады

Беларусь президенті Александр Лукашенко жергілікті билік басшыларын коронавирусқа байланысты дүрбелеңге салынбай, жұмыс істеуін жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz. 

 Әлем коронавирус деп жындана бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қиындықтар көп. Көріп отырсыздар: әлем коронавирус деп жындана бастады. Коронавирус туралы барлық пайымдар мүмкін де шығар. Бірақ біз үшін бұл басты және қорқынышты нәрсе емес. Біз нешеме түрлі вирустарды бастан кешірдік, бұдан да аман өтеміз. Бұдан да қиын вирустар болған: шошқа тұмауы, құс тұмауы және SARS пневмониясы. Қайдан шықты бұлар деп бәрі ахілеп-улеген кезінде тура осылай», - деп атап өтті Александр Лукашенко.

Президенттің айтуынша, Беларусь қауіп-қатерлерге лайықты деңгейде қарсы тұруда. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы мақсатты шаралар қолдануда, ал беларусьтықтардың өздері бұл жағдайда сабырлылық танытып, өзін дұрыс ұстауда.

Біз үшін ең үлкен мәселе (проблема емес, жауапкершілік) - бұл экономика. Өкінішке орай, коронавирусқа қатысты теледидардағы барлық жылтың-жылтың еткен жаңалықтар экономикаға айтарлықтай әсер етуде. Тіпті, біздің туған Ресей, астын сызып тұрып көрсете кетейін, Беларусь елімен арадағы шекараны жауып тастады, - деп атап өтті ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ADCB

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

ҰҚШҰ

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

ком тариф

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Кинотеатр