USD
USD
USD

Әлем елдері арасында вакцинаны бөлу жөнінен әділетсіздік белең алды

Әлемде коронавирусқа қарсы өндірілген вакцинаның шамамен 60 процентін дамыған мемлекеттер сатып алған. Кейбірінің тапсырысы халық санынан 2-3 есе көп.

Әлем елдері арасында вакцинаны бөлу жөнінен әділетсіздік белең алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салдарынан дамушы елдерде екпе тапшылығы туындады. Қытайдың Сыртқы істер министрі осылай деп отыр. Айтуынша, қазір әлемде коронавируске қарсы препараттың қолжетімділігіне байланысты теңсіздік мәселесі өршіп барады. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ өкілдері де осындай проблеманың барын мойындап, өндірушілерді екпені КОВАКС арқылы жеткізуге шақырған. Бұл халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы вакцинаның әлем елдері арасында теңдей бөлінуіне бағытталған. Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры: - Бүгінде коронавируске қарсы вакцина қорының басым бөлігі 10 елде ғана салынып жатыр. Бірақ тұрғындары препараттың бір де бір дозасын алмаған мемлекеттер де бар ғой. Олардың жағдайы не болмақ? Мұндай әділетсіздікке жол беруге болмайды.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру