USD
USD
USD

Әлем чемпионы Байзақованы жекпе-жекке шақырды

26 жастағы қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадырова инстаграм әлемінің жұлдызы және актриса Айжан Байзақованы жекпе-жекке шақырды.

Әлем чемпионы Байзақованы жекпе-жекке шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Байзақовамен жекпе-жек өткізгім келеді. Бірде ол маған ашуланып аяқпен және қолмен соққылар жұмсаған еді. Сол сәтте оны орнына қойып тастағанмын. Денесі көгеріп жылап қалған. Енді ММА-поп форматында айқасқа шақырғым келеді", - дейді Әбілқадырова exk.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Байзақова алты жасынан бастап спортпен шұғылданып келеді. Таеквондодан қара белбеу иегері және спорт шеберлігіне үміткер. 2009 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2011 жылы Алматы қаласының біріншілігіне топ жарды. Оынң инстаграм парақшасына 2,3 миллион оқырман тіркелген.

Әбілқадырова болса грэпплингтен қазақ қыздарынан шыққан жалғыз әлем чемпионы.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция