USD
USD
USD

Әлем чемпионы Б. Нұрдәулетовтың ринкгтегі келесі қарсыласы кім болатындығы белгілі болды

Жартылай ауыр салмақтағы әуесқой бокстан   әлем чемпионы қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов кәсіби рингте кіммен жекпе-жек өткізетіндігі белгілі болды. 

Әлем чемпионы Б. Нұрдәулетовтың ринкгтегі келесі қарсыласы кім болатындығы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жас спортшы Бекзат бұған дейін кәсіпқой рингте 4 жекпе- жек өткізді. Барлық жекпе-жекте оның асығы алшысынан түсті. Тіпті екінші қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Боксшының келесі жекпе-жегі 11 маусымда Ақтаудағы өтеді. Ол 8-раундтық жекпе-жекте аргентиналық Дурвал Элиас Паласио (9-2, 6 КО) қарсы тұратын болады.

Аталмыш шараның тағы бір маңызды оқиғасы қазақстандық Бекман Сойлыбаев тәжірибелі мексикалық Томас Рохасқа (52-20-1, 34 КО) қарсы жекпе-жектің 10-раундтық жекпе-жегі болмақ.

Ақтаудағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде 11 маусымда қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) өзіне тиесілі орта салмақтағы WBO International чемпиондық белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы аргентиналық Себастьян Орасио Папески (18-3, 6 КО) болмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City