USD
USD
USD

Әлем чемпионы атанған Елеусіновтің есімі отандық бокс тарихына енді

  Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леальді (15-2, 4 КО) жеңіп, өз есімін отандық бокс тарихына енгізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлем чемпионы атанған Елеусіновтің есімі отандық бокс тарихына енді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Елеусінов кәсіпқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық 5-інші боксшы болып отыр. Д. Елеусінов Х.Леальмен өткен жекпе-жекте жартылай орта салмақта IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды. Бұған дейін Қазақстан боксшылары арасынан әлем чемпионы атанғандар: Василий Жиров (38-3-1, 22 КО), Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) және Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО). Олардың арасында бүгінде кәсіпқой бокста мансабын жалғастырып жатқаны – 39 жастағы Геннадий Головкин.

Ол орта салмақтағы IBF және IBO белдіктеріне ие. Оның алдында Головкинге WBA Super және WBC белдіктері тиесілі болған еді. Еске салайық, кеше елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда 14 қазақстандық боксшы өнерт көрсетті. Кештің басты айқасы Данияр Елеусінов пен Хуан Эрнан Леаль арасында өтті. 12 раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик

ФСБ Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Павел Дуров