USD
USD
USD

Әлем чемпионы Ақтөбеге әкім болды

Бүгін мәслихат сессиясында депутаттар қала әкімінің кандидатурасын мақұлдады. Асхат Шахаров жаңа қызметке тағайындалды.

Әлем чемпионы Ақтөбеге әкім болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе қалалық мәслихат сессиясында депутаттар Асхат Шахаровтың кандидатурасын қолдады. Ол Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.

Айта кетейік, 42 жастағы Асхат Шахаров жоғары білімді.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Атақты спортшы еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде спорт пәндері кафедрасының аға оқытушысы болып бастады.

2005 жылдың қараша айынан Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті. 2007 жылдың сәуір айынан Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.

2013 жылдың маусым айынан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін, 2017 жылдың шілде айынан күні бүгінге дейін БҚО Зеленов ауданының әкімі болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ADCB

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

ҰҚШҰ

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

ком тариф

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Кинотеатр