USD
USD
USD

Әлем чемпионатын өткізетін ел қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға виза беруден бас тартты

Қазақстандық Михаил Шайдоров 21-27 наурыз аралығында Монпелье қаласында (Франция) өтетін мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды.

Әлем чемпионатын өткізетін ел қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға виза беруден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шайдоров ерлер арасында өтетін жеке сырғанауға қатысушылар тізімінде болған, алайда Франция елшілігі қазақстандыққа виза беруден бас тартқан. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды. Алайда ол Франция елшілігінің визадан бас тарту себебін көрсетпеген.

Сонымен қатар, Қазақстан атынан әлем чемпионатына Гаухар Наурузова мен Бойсангур Датиев би жарысы бойынша қатысатыны айтылған еді.

Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Монпелье қаласында өтеді. Жарыс 21-27 наурыз аралығында "Зюд де Франс" аренасында болады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері