USD
USD
USD

Әлем Украинадағы қақтығыстан шаршады – Үндістан сыртқы істер министрі

Әлем Украинадағы қақтығыстан шаршады және оның шешімін күтіп отыр, деп мәлімдеді Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьям Жайшанкар Hindustan Times газеті ұйымдастырған "Лидерлер саммитінде" сөйлеген сөзінде.

соғыс
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. "Әлем сарқылды. Айтайын дегенім, бұл қақтығыс екі негізгі ойыншыдан да, басқалардан да үлкен құн талап етіп отырғаны анық. Бұл қандай да бір шешімге жаһандық сұраныс бар уақытта болып отыр", - деді ол.

Субраманьям Жайшанкар бір күн бұрын Германия канцлері Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путинмен қақтығыс басталғаннан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлескенін атап өтті. Министр шақтығысты шешудегі Үндістанның рөлі туралы айта келе, Нью-Дели ешқандай бейбітшілік жоспарын ұсынбағанын атап өтті.

"Бұл біздің шаруамыз деп ойламаймыз. Біздің ісіміз – бұл екі елді өзара әрекеттесе алатындай нүтеге жеткізудің жолын табуға тырысу... өйткені түптің-түбінде олар бір-бірімен ықпалдасуы керек. Олар проблеманы шешкісі келмесе, басқалар оны шеше алмайды", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі