ALEM Silk Way Star жобасының гранд-финалына дайындалып жатыр
Қазақстандық әнші ALEM алғашқы азиялық Silk Way Star вокалдық жобасының гранд-финалына дайындалып жатыр.
Астана, NEGE. ALEM 12 елден келген қатысушылар арасынан іріктеліп, жобаның жеті финалистінің қатарына кірді. Гранд-финал 22 қараша күні Астанада, Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Сонымен қатар, параллельді трансляциялар Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда ұйымдастырылады.
Жоба барысында ALEM қазақтың халық әндерінен бастап, рок-эксперименттерге дейінгі түрлі музыкалық жанрларды көрсетті. Әр эпизодта ол сахналық образдарды ерекше етіп жасап, костюм, жарық, хореография мен номердің драматургиясын мұқият ойластырды.
Тоғызыншы эпизодта ALEM қазақстандық 6ELLUCCI тобымен бірге «Qara» атты күрделі композицияны орындады. Бұл рокқа бай шығарма халықаралық қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Еске салсақ, Silk Way Star жобасының гранд-финалына келесі қатысушылар шықты:
-
ALEM (Қазақстан);
-
Язмин Азиз (Малайзия);
-
Автандил Абесламидзе (Грузия);
-
Мишель Джозеф (Моңғолия);
-
Чжан Хэ Сюань (Қытай);
-
Саро Геворгян (Әрмения);
-
Мадинабону Адылова (Өзбекстан).
Жеңімпазды анықтау 50% қазылар алқасының шешімі, 50% көрермендердің онлайн дауыс беруі арқылы жүргізіледі. Қатысушыңызды silkwaystar.org сайтында қолдауға болады.
Айта кетейік, Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің Телерадиокомплексі мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды