USD
USD
USD

Әлем кубогының екінші күніндегі қазақстандық боксшылардың нәтижесі қандай?

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі жалғасуда.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың екінші күні шаршы алаңға ұлттық құраманың бес боксшысы шықты. Олардың ішінде тек Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) ғана жеңіске жетті. Ол үндістандық Нарендерді ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

54 келі салмақ дәрежесінде Анита Әдішева польшалық Виктория Рогалиньскіге жол берді.

60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов бразилиялық Луис Оливейрадан жеңілді.

50 келіге дейінгі салмақта Нұрзат Оңғарұлы өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберіп, турнирді аяқтады.

65 келі салмақ дәрежесінде Алмат Абдуәлі бразилиялық Юри Рейес Фалькаомен кездесіп, жеңіліс тапты.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы