USD
USD
USD

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Никиша елге оралды

Шорт-тректен Роттердамда қаласында өткен әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта тарихи күміс жүлде иеленген Денис Никишаны Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Денис Никиша
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Ересектер арасында шорт-тректен күміс медаль алғанымды әлі де толыққанды сезінбедім. Иә, чемпион атанбадым деген өкініш бар. Алайда бұл жүлденің өзі қазақ спортында алар орны үлкен.

Миландағы қысқы Олимпиадаға 2 жыл ғана уақыт қалды. Бұл жүлде психологиялық тұрғыдан сенімділікті арттырып, басты мақсатым — Олимпиада тұғырында жоғарыдан көрінуге көмектеседі деп сенемін», — деді Денис Никиша.

Сондай-ақ, Денистен бөлек, ұлттық құрама сапында шорт-тректен жасөспірімдер әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде алғашқы күміс медаль алған Алина Ажғалиева да бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж