USD
USD
USD

Әлем чемпионаты: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлады egemen.kz.

Б
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алғашқы жекпе-жегін өткізу үшін Қазақстан құрамасының екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Атап айтсақ, 1/16 финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) кениялық Нзивамен жұдырықтасса, 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаеваның шеберлігін байқайды.

Әлем біріншілігіне ел құрамасы сапында барлығы 12 спортшы аттанған.

Олар:

Назым Қызайбай (48 келі),

Алуа Балқыбекова (50 келі),

Анита Адишева (52 келі),

Жайна Шекербекова (54 келі),

Карина Ибрагимова (57 келі),

Виктория Графеева (60 келі),

Аида Әбікеева (63 келі),

Жасмин Қизатова (66 келі),

Наталья Богданова (70 келі),

Надежда Рябец (75 келі),

Гүлсая Ержан (81 келі),

Елдана Талипова (+81 келі) сынға түседі.

Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 9-13 наурыз аралығында өтеді. Жартылай финалдық жекпе-жектер 14 наурызға белгіленген. Финал 16 наурызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама