USD
USD
USD

Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Испаниямен кездеседі

Бүгін, 15 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы ойынында Испаниямен кездеседі.

Футзал
Фото: instagram.com/futsalkazakhstan

Алматы, NEGE. Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында болады.

Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

Бүгінгі ойын 17:30–да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирінде көрсетіледі.

Аталған сында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.

Сондай-ақ аталған топта Жаңа Зеландия — Ливия құрамалары өзара шеберлік байқасса, С тобында Ауғанстан — Ангола, Аргентина — Украина ойнайды.

Ал 16 қыркүйекте E тобында Португалия — Панама, Тәжікстан — Марокко, F тобында Иран — Венесуэла, Гватемала — Франция шеберлік байқасады.

Айта кетсек, 14 қыркүйекте В тобында Бразилия Кубаны 10:0 есебімен жеңсе, Хорватия Таиландқа 1:2 есебімен жол беріп қойды.

А тобында Парагвай құрамасы Коста-Риканы 5:2 есебімен тізе бүктірсе, Өзбекстан мен Нидерланд 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA