USD
USD
USD

Әлем чемпионаты: 9 наурызда ел құрамасынан кімдер сынға түседі?

9 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өтеді.

турнир
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасынан 1/16 финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) кениялық Нзивамен қолғап түйістірсе, 1/8 финалда Елдана Талипова өзбекстандық Олтин Сотимбаевамен шеберлік байқасады.

Дүбірлі додаға ел құрамасынан 12 боксшы аттанды.

Команда сапында Алуа мен Елданадан өзге Назым Қызайбай (48 келі), Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі.

Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев