USD
USD
USD

Әлем чемпионаты-2026: Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен ойнайды

Бүгін, 25 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында сырт алаңда Лихтенштейнмен қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футбол
Фото: ҚФФ

Алматы, NEGE. Кездесу наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Лихтенштейн құрамасы - Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы. Олар ФИФА рейтингінде 204-орында келеді. Әзірге ешқандай жоғары нәтижесімен көзге түскен жоқ.

Екі құрама бұған дейін бірде-бір мәрте кездеспеген.

Аталған матчта Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Дэвид Дикинсон.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов жеке себептерге байланысты ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыса алмайтын болды.

Бүгінгі кездесуде Александр Заруцкий, Мұхаммеджан Сейсен және Темірлан Анарбековтің қақпашылық міндетті атқаруына мүмкіндігі бар.

Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетіп жатыр. Қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті