USD
USD
USD

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Алексей Чуркин
Фото: Сали Сабиров/Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. 22 жастағы спортшы 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа рекорд орнатты.

Серпе көтеруде Чуркин 205 келі көтерді. Қоссайыс қорытындысы бойынша оның нәтижесі – 378 келі.

Алайда жарыстың соңғы кезеңінде Солтүстік Корея өкілі Кванг Риол Ро қазақстандық спортшыдан бір келіге озық нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды. Ол серпе көтеруде (214 келі) және қоссайыста (379 келі) әлем рекордын орнатты. Үздік үштікті 374 келі (163+211) нәтижесімен қытайлық Шуннан Чен түйіндеді.

Чуркин – әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері. Ол 2022 жылы 73 келіге дейінгі салмақта қола, ал 2024 жылы 81 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленген.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов