USD
USD
USD

Алексей Цойдың жаңа болжамы: Тамызда күніне 6 мың адам ауырады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады  

Алексей Цойдың жаңа болжамы: Тамызда күніне 6 мың адам ауырады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Елде дельта штамның белсенді таралуы мен вакциналаудың қазіргі қарқынын ескерсек, пессимистік сценарий бойынша шілде мен қыркүйек айларында шамамен 400 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін. Бұл орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 6 мың жағдайдан жоғары болмақ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты осындай жаңа болжам жариялады.

Ал екінші, реалистік сценарий бойынша осы аралықта шамамен 355 мың адамның ағзасынан жұқпалы ауру белгісі анықталуы ықтимал. Яғни орташа есеппен тамыз айында тәулігіне 5,3 мың жағдайдан жоғары. Ал оптимистік сценарий бойынша алдағы 3 айда 330 мыңға жуық адамның ПТР тестілеуі оң нәтиже көрсетеді. Яғни орта есеппен тәулігіне 5 мыңға жуық адам вирус жұқтыруы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.