USD
USD
USD

Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина ектірмек

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны ектіруге дайын. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина ектірмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «коронавирусқа қарсы дайындалып жатқан Қазақстандағы вакцинаның клиникалық сынағына Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері қатысып жатыр ма? Вакциналау кезінде министр Алексей Цой өзіне екпе салдыра ма?» деген сауалдар қойылды. Өз кезегінде Б. Қожахметов осы мәселені министрмен талқылағанын атап өтті.

«Вакцинаның дайын болуы үшін тиісті мерзімді күту керек, жарты жылдан кем емес. Вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткеннен кейін, министр екпені қабылдауға дайын екенін айтты. Ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері болғандықтан, екпені ақысыз түрде алады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері 200 мыңнан астам, олар тәуекел тобына еніп отыр», - деді ресми өкіл. «Ал оның (министрдің) отбасына және кез келген медицина қызметкерінің отбасы мүшелері вакцинаны өзінің қаржысына сатып алады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай