Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алексей Цой елде карантин енгізудің үш сценарийін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілуі мүмкін үш сценарийді атады.

Алексей Цой елде карантин енгізудің үш сценарийін айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жағдайға байланысты сценарий апта сайын өзгеруі мүмкін. Өйткені әзірге не боларын болжап білу мүмкін емес.

«Пессимистік сценарий бойынша егер маска тағу 60% ғана болып, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында вирус жұқтырғандар саны 190 мың адамған жетсе және 65 мың адам ауруханаға жатуға мұқтаж болса, локдаун желтоқсанның ортасында енгізіледі деп жоспарлануда.

Екінші реалистік сценарий бойынша 70% халық маска тағып, 2020 жылдың қазан-желтоқсанында көрсеткіш 90 мың адамға жетсе, 30 мың адам ауруханаға жатуды қажет етсе, локдаун қаңтар айында енгізіледі.

Ал егер халық ара қашықтық сақтап, 100% маска тақса, бізге ешқандай да карантин енгізу қажет болмайды. Мұндай оптимистік сценарий бойынша қазан-желтоқсан айларында 40 мыңға жуық адам жұқтырып, 15 мың адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін», – деді А.Цой пандемияның екінші толқынына дайындықты пысықтау жөніндегі отырыста.

Яғни халық жақындарының жайын ойлап той-томалақты қысқартса, ара қашықтықты сақтаса, маска тағып жүрсе, ешқандай да карантин болмайды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі