Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілімен кездесті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық қашықтықтағы кеңсесінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДСҰ талаптарына сәйкес келетін БМСК-да ГДО-ға жұмыс істеуге ұлттық кадрлар қатарын көбейтуді қолдады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі мен кеңсе арасындағы серіктестікті арттыру жайы талқыланды. Әсіресе, еуропалық аймақтағы, оған қоса Қазақстандағы медициналық қызметкерлер үшін «МСАК» бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұсыну айтылды.

Бұдан бөлек, GDO-ны БМСК-дегі ең жақсы әлемдік тәжірибеге айналдыру тақырыбы қозғалды.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық 6 аймағымен жұмыс жасау үшін кеңсеге белгілі бір жаһандық функцияларды Қазақстанға әлемдік деңгейде жүзеге асырылған МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету жұмысына сәйкес беру.

А.Цой Қазақстан Еуропа өңірлік комитетінің 70-сессиясында жарияланған 2020-2025 жылдарға арналған «Еуропалықтардың денсаулығын жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар» еуропалық жұмыс бағдарламасын әзірлеу мен қабылдауды толық қолдайды деп сендірді.

Кездесу соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі бірлескен жұмыстың арқасында кеңсе қызметін күшейтуге болатынына сенім білдірді.

Әсіресе, еуропалық аймақтағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуын үнемі қадағалай отырып, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық бюросы деңгейінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына баса назар аударуына екпін түсірді.

Сондай-ақ, бастапқы деңгейде одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар әзірленетіні баяндалды. А.Цой мен М.Якаб осы және басқа мәселелерді айына 1-2 рет желіде талқылауға келісті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример