USD
USD
USD

Алексей Цой Алматыға келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған делегация Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына барды.

Алексей Цой Алматыға келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің бұл сапары қала басшылығымен эпидемиялық жағдайды талқылап, медициналық мекемелердегі коронавируспен күрес жұмысымен танысуды көздейді.

Министрлік делегациясымен бірге №7 ауруханаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев келді.

«Алматыға жұмыс сапары кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин жағдайындағы стационар жұмысымен, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспарымен танысты. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешен көрсетілді» деп хабарлады №7 аурухананың баспасөз қызметі. Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті