USD
USD
USD

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасын салдырды

26 сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алды.

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасын салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр», - деді Алексей Цой тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алғаннан кейін «Хабар 24» телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қазақстандық вакцинаны Түркияда құюға қатысты уағдаластық пысықталып жатқанын баса айтты.

22 cәуір күні COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді. QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy