Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алексей Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды

Ресей тергеу комитеті Алексей Навальныйға қарсы экстремистік қоғамдастық құру бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алексей Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық кодексінің 282.1 бабы бойынша жауапкерілікке Навальныйдан басқа Леонид Волков, Иван Жданов, сондай-ақ Любовь Собол, Георгий Альбуров, Руслан Шаведдинов, Вячеслав Гимади, Павел Зеленский, Рустем Мюлюков тартылды.

Тергеу комитетінің мәліметінше, Навальный 2014 жылы Жемқорлыққа қарсы күрестің құрылтайшысы кезінде экстремистік қоғамдастық құрған және басқарған. Тергеу ақпаратына сәйкес, ол конституциялық құрылыстың негізін өзгертуге және Ресейдің қауіпсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған экстремистік әрекеттерді жүзеге асырған.

Навальныйдың қатарына Жданов пен Волков та қосылды. Олар қауымдастықтың экстремистік әрекеттері үшін елдің 37 аймағында Навальныйдың штаб-пәтерін қосқанда сегіз коммерциялық емес ұйым құрған. Сондай-ақ интернеттегі насихат үшін аталған ұйым Навальный штабының веб-сайттары, YouTube арнасы, сонымен қатар Twitter, Instagram мен Facebook-те тақырыптық парақшалар ашқан.

Сонымен бірге 2014-2021 жылдар аралығында экстремистік қоғамдастықтың көшбасшылары мен мүшелері өздерінің келісілмеген митингілерінде халықты Ресей заңдарын бұзатын әрекеттерге шақырып келген.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық